Қазақстандық теннисші Италияда Турин турнирінің жартылай финалына шықты

None
Photo: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Италияда өтіп жатқан Турин челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге ширек финалда аргентиналық Себастьян Баес – бразилиялық Тьяго Уайлдпен кездесуі керек еді.

Алайда қарсыластары келмей қалды да, А.Голубев пен Д.Молчанов ойнамастан жартылай финалға жолдама алды.

Сонымен қатар осы додада Александр Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы бәсекесін сәтті өткізді. Олар италиялықтар Флавио Коболли – Джулио Зеппиериді 5:7, 7:6 (7:4), 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Недовесов пен Н.Качич жартылай финалға шығу үшін румыниялық Влад Виктор Корня – венесуэлалық Луис-Давид Мартинеспен таласады.

Қос қазақстандық теннисші алдағы қарсыластарын ұтса, финалда ғана кездесуі мүмкін.

Тағы бір қазақстандық Григорий Ломакин хорватиялық Звонимир Бабичпен бірге Португалияда өтіп жатқан Оэйраш челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Олар ширек финалда португалиялықтар Джейми Фария – Энрике Рошадан жеңіліс тапты – 1:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Римде әлемнің 1-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасымен тағы кездескісі келетінін айтты.

Елена Рыбакина мастерс турнирлеріндегі жеңістер бойынша әлемде үздік атанды.

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына өтті.

Ролан Гаррос турнирі 2004 жылдан бері алғаш рет Рафаэль Надальсыз өтеді.

Соңғы жаңалықтар