Қазақстандық теннисші К.Керімбаева Үндістандағы ITF турнирінің ақтық сынына шықты

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық теннисші Камилә Керімбаева Үндістандағы жалпы сыйақы қоры 25 мың АҚШ долларына тең ITF сериясындағы турнирдің ақтық сынына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші К.Керімбаева Үндістандағы ITF турнирінің ақтық сынына шықты

Ол жартылай финалда италиялық спортшы Джое Барбариді 6:2,6:2 есебімен тізе бүктірді.

«Бүгін ойластырылған тактиканы жүзеге асыру менің қолымнан келді. Жергілікті климатқа да үйренісіп қалдым. Әзірге босаңсудың қажеті жоқ, себебі ертең мүлдем өзгеше қимылдау керек», - деді Камилә жартылай финалдық матчтан кейін.

Бұның алдында ол үш кездесу өткізіп, үшеуінде де қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан болатын.