Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Бангкок турнирінде бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде -83-ші орында) Бангкок турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық  теннисші М.Кукушкин   Бангкок турнирінде    бірінші кездесуін   жеңіспен аяқтады

Бірінші кездесуде Михаил Кукушкин кортқа американдық Райлер Де Хертқа қарсы шықты. Матч 6:3, 6:7, 6:4 есебімен, М.Кукушкиннің жеңісімен аяқталды.

Келесі ойында қазақстандық спортшы не бельгиялық Оливер Рохуспен (АТР рейтингінде 78-ші орында), не аргентиналық Хуан Мартин Дель Потромен (АТР рейтингінде 36-шы орында) кездеседі.