Қазақстандық теннисші М.Кукушкин де Австралия чемпионатының екінші айналымына шықты

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Теннистен Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық Михаил Кукушкин отандастары Галина Воскобоева мен Андрей Голубевтің жеңісті жолын жалғастырды.

Қазақстандық теннисші М.Кукушкин де Австралия чемпионатының екінші айналымына шықты

Бірінші айналымда М.Кукушкин испандық Гильермо Гарсиа-Лопесті 6:4, 6:3, 6:0 есебімен үш партияда тізе бүктірді. Енді ол екінші айналымда серб Виктор Троицки мен тағы бір испандық Хуан Карлос Феррероның қай жеңгенімен кездеседі.