Қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - АТР рейтингінде 88-інші орындағы қазақстандық теннисші М.Кукушкин Санкт-Петербордағы АТР сериясы турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясынан хабарлады.
Ширек финалдық ойында сербиялық Янко Типсаревичпен кездескен М.Кукушкин 7:5, 3;6, 6:4 есебімен басым түсті.
Ал бүгін жарылай финалдық ойында қазақстандық теннисші украиндық Илья Марченкомен ақтық бәсеке жолдамасын сарапқа салады.