Қазақстандық теннисші М.Кукушкин турнир жеңімпазы атанды

АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин Ыстамбұлда өткен жүлде қоры 75 мың долларды құрайтын «Челленджер» сериясындағы турнирде жеңіске жетті. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстандық теннисші М.Кукушкин турнир жеңімпазы атанды

Ол 1 сағат 18 минутқа созылған ақтық сында украиндық теннисші Илья Марченкодан 2 сетте 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.