Қазақстандық теннисші Пензедегі "Челенджер" сериясындағы халықаралық турнирдің финалына шықты
АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ресейдің Пензе қаласында жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын "Челенджер" сериясындағы халықаралық турнир өтіп жатыр. Онда қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин жартылай финалда швейцариялық Марко Кьюдинеллимен кездесуде.
АТР рейтингінде Марк 245-ші, ал Михаил 67-ші сатыда орналасқан. М. Кукушкин бұған дейін ширек финалда 267-ші сатыда тұрған хорватиялық Никол Мектичті 2:0 (6:2, 7:6) есебімен ұтты. Ал екінші айналымда тунистік Малек Джазириді 2:1 (6:4, 5:7, 6:1) және бірінші айналымда ресейлік Антон Зайцевті 2:0 ( 6:2, 6:1) есебімен қапы қалдырды.