14:10, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Первак Австралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ксения Первак жұптасып өнер көрсетуде американдық Слоан Стефенспен бірге Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан Moorilla Hobart International 2012 турнирінің ширек финалына шықты.
Бірінші айналымдағы матчта Первак/Стефенс жұбы Ева Бирнерова (Чехия)/Альберта Брианти (Италия) дуэтін үш сетте - 4:6, 6:1, 11:9 есебімен жеңген болатын.
Олардың келесі қарсыластары Ярмила Грот (Австралия)/Бетани Маттек-Сандс (АҚШ) және австралиялық теннисшілер Даниэлла Джефлеа/ Тамми Паттерсон арасындағы матчта жеңіске жеткен жұп болмақ.
Ширек финалға шығып отырған жерлесіміз өз еншісіне турнирдің 1650 доллар сыйақысы мен WTA рейтингісінде 70 ұпай қамтамасыз етті.