Қазақстандық теннисші Путинцева Нанкиндегі турнир финалында жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қытайдың Нанкин қаласында ITF сериясы бойынша теннис турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық теннисші Путинцева Нанкиндегі турнир финалында жарыс жолынан шығып қалды

Финалда 20 жасар қазақстандық спортшы Юлия Путинцева қытайлық Тайвань өкілі Сие-Су Вэйге 1:2 - 6:7, 6:2, 2:6 есебімен жол берді.