Қазақстандық теннисші рекордын жаңартып, WTA рейтингінің ТОП-20-на кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінің жалғыз және жұптық разрядтағы жаңа нұсқасы шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық теннисші рекордын жаңартып, WTA рейтингінің ТОП-20-на кірді

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын аустралиялық Эшли Барти сақтап қалды, екінші орынға чех спортшысы Барбора Крейчикова шықты. Ол беларусь Арина Соболенконы үшінші орынға ығыстырды.

Қазақстанның мықты өкілі Елена Рыбакина 20-орында қалды, Юлия Путинцева алты орын жоғалтып, 45-ші орынға түсті. Зарина Дияс алғашқы жүздікке жақындады – 109 орында.

Жұптық разрядта алғашқы үштікте Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова (екеуі де – Чехия), сондай-ақ бельгиялық Элизе Мертенс тұр.

Қазақстандық Анна Данилина жеке рекордын тағы жаңартып, 20-орынға шықты. Рыбакина бір орын жоғалтып, 49-шы орынға жайғасты.