Қазақстандық теннисші рейтингте жоғары көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандықтар Александр Бублик 50-інші, Михаил Кукушкин 89-орнында қалды.

Есесіне Дмитрий Попко 172-ден 170-сатыға көтерілді.

Үздік үштікте бұрынғыша сербиялық Новак Джокович, испаниялық Рафаэль Надаль, аустриялық Доминик Тим келеді.

Жұптық сында М.Кукушкин 76-ыншы, Андрей Голубев 88-інші, А.Бублик 90-ыншы, Александр Недовесов 131-орнында қалды.

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жариялаған рейтингте қазақстандықтардың орны өзгерген жоқ. Елена Рыбакина 19-ыншы, Юлия Путинцева 28-інші, Зарина Дияс 79-сатыда келеді.

Рейтингте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, румыниялық Симона Халеп екінші, жапониялық Наоми Осака үшінші орында.

Жұптық сында Галина Воскобоева 71-інші, Анна Данилина 135-інші, Ю.Путинцева 186-орнын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Бразилиядағы турнирдің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.

Қазақстандық теннисші бұдан кейін колумбиялық Даниэль Элахи Галан Ривероске жол беріп, жартылай финалға шыға алмады.