Қазақстандық теннисші «Ролан Гарростың» екінші айналымына өтті

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Францияның Ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») бірінші айналымынан сүрінбей өтті.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Біліктілік сыны арқасында бәсекенің негізгі кезеңіне жолдама алған Г. Воскобоева америкалық Грейс Минді 4:6, 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Жерлесіміздің келесі қарсыласы италиялық Роберто Винчи мен жарыс қожайыны Стефани Форетц арасындағы матчтың жеңімпазы болады.

Сондай-ақ бұған дейін париждік корттарда Қазақстанның тағы бір өкілі - Юлия Путинцева сәтті өнер көрсеткен болатын. Ол өзінің бастапқы матчында жапондық Аюми Моритадан 6:2, 6:3 есебімен басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар