Қазақстандық теннисші С.Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан ITF Troy халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF Troy халықаралық турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші С.Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан  ITF Troy халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Екінші айналымда С.Каратанчева турнир қожайыны Алексу Кингті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Ал ширек финалда ол тағы бір американдық спортшы Грэйс Минмен күш сынасады.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда қазақстандық теннисші американдық Мелани Оудинді 6:1, 6:3 есебімен ұтқан болатын.