Қазақстандық теннисші С.Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан ITF Troy халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева АҚШ-та өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың долларды құрайтын ITF Troy халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты,
деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Ширек финалда ол американдық спортшы Грэйс Минді екі сетте 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Жартылай финалды қазақстандық теннисші тағы бір американдық теннисші Варвара Лепченкоға қарсы ойнайды.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда С.Каратанчева американдық Мелани Оудинді 6:1, 6:3 есебімен, екінші айналымда турнир қожайыны Алексу Кингті екі сетте 6:1, 6:3 есебімен жеңген болатын.