Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева WTA рейтингінде жеті орынға көтерілді

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева WTA-ның жаңартылған рейтингінде жеті орынға көтерілді,

Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева WTA рейтингінде жеті орынға көтерілді

деп хабарлады Vesti.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова рейтингтегі өзінің жағдайын кезекті рет нашарлатып алды, ол 34-інші орыннан 35-ке түсті. Сондай-ақ Ксения Первак (93-тен 99-ға) пен Галина Воскобоева (105-тен 112-ге) төмен сырғыды. Ал Юлия Путинцева әлем бойынша 93-інші болды (+1). Зарина Диас 223-інші орында қалды, ал Анна Данилина екі орынға көтеріліп, 349-ыншы болды.

Әйелдер рейтингінде көшбасшылықты америкалық Серена Уильямс сақтап қалды. Ресейлік спортшы Мария Шарапова Индиан-Уэллстегі WTA турниріндегі сәтті өнерінен кейін екінші орынға көтерілді, ал Беларусь қызы Виктория Азаренко үшінші орында тұр.