00:06, 14 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Швециядағы жарыстың жартылай финалына өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Александр Недовесов жұптық сында Бастад (Швеция) ATP 250 жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Недовесов сербиялық Никола Качичпен бірге бастапқы кездесуінде тағы бір қазақстандық Андрей Голубев пен аргентиналық Максимо Гонсалесті ұтты – 6:3, 6:4.
Қазақстандық-сербиялық жұп екінші айналымда ресейлік Павел Котов – швейцариялық Марк-Андреа Хуслермен күш сынасып, жеңіске жетті – 4:6, 6:2, 10:3.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов пен Н.Качич 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың тең жартысын мүлт жіберген жоқ.
Олардың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Будапешт турнирін жеңіспен бастағанын, Елена Рыбакинаның Алматыдағы кездесуін кейінге қалдырғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Ньюпорт турнирінің ширек финалына шықты.