21:30, 12 Шілде 2022 | GMT +5
Юлия Путинцева Будапешт турнирін жеңіспен бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Будапешт WTA 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 32-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 76-орында тұрған словакиялық Анна Шмидловамен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 35 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың алтауын пайдалана білді.
Қарсыласы 2 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.
Ю.Путинцева екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсон немесе бразилиялық Лаура Пигоссидің біреуімен шеберлік байқасады.
Жүлде қоры 203 мың еуродан асатын Будапешт додасы 17 шілдеде мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның федерация сыйақысын алудан бас тартқанын жазған болатынбыз.
Фото: cdn.boogiecall.com