07:24, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Шведова Дубайдағы турнирдің бірінші айналымында Винчиден басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Итальян Роберта Винчи Дубайдағы жарыста қазақстандық Ярослава Шведоваға 0:6, 6:4, 3:6 есебімен жол берді, деп хабарлады «Чемпионат».

Жекпе-жек 1 сағат 49 минутқа созылды. WТА рейтингісінде 82 орында тұрған мәскеулік теннисш 16 брейк-пойнттың 12-сінде ұтылды және 7 брейк жасады.
Шведова ширек финалға шығу үшін енді Италия өкілі Сара Эрранимен сайысқа түседі.