Қазақстандық теннисші стамбулдық «Челенджердің» жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық разрядта стамбулдық «Челленджердің» жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші стамбулдық «Челенджердің» жеңімпазы атанды

Sports.kz хабарлағандай, түріктің Стамбул қаласында ресейлік теннисші Андрей Кузнецов пен қазақстандық Александр Недовесов «Челленджер» санатындағы жұптық турнир финалында ресейлік Антон Зайцев пен грузин Александр Метрев жұбынан 6:2, 5:7, 10:8 есебімен басым түсті.

Матчтың 1 сағат 18 минутында Андрей мен Александр үш рет қателесіп, үш-үштен эйс пен брейк жасады. Зайцев пен Метревали екі брейк-пойнт алып, алты рет қос қате жіберіп алды.

Жарыстағы жеңіс Кузнецов пен Недовесовке $4,650 және АТР жұптық рейтінгінде 90 балл сыйлады.

Бұдан бұрын жарыстың ½ финалында қазақстандық-ресейлік жұп испандық Адриана Менендес-Масейрас пен израильдік Ариэль Бехарды 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірген.