Қазақстандық теннисші Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 1060-орында тұрған қазақстандық теннисші жекелей сында әуелі таилық Чанон Пхунсаваттан айласын асырды.
Екінші айналымда әлемнің 792-ракеткасы, аустралиялық Джейкоб Брэдшоуды 6:3, 5:7, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Г.Ломакин ширек финалда тағы бір таилық, әлемнің 738-інші, жарыстың 2-ракеткасы Максимус Джонсты жолдан тайдырды – 7:5, 6:2.
Григорий Ломакин финалға шығу үшін рейтингте 1129-сатыдағы малайзиялық Мицуки Вэй Кан Леонгпен таласады.
Қазақстандық теннисші М.Джонспен бірге жұптық сында да табысты өнер көрсетіп, жартылай финалға өтті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алғаш рет WTA қорытынды турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына шықты.