Қазақстандық теннисші Татьяна Николенко Грузиядағы турнирде жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның намысын қорғаған Татьяна Николенко Тбилисиде (Грузия) өткен Tennis Europe сериясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Татьяна Николенко Грузиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Турнирдің финалында жерлесіміз ресейлік Ясмина Нигаметзянованы 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Халықаралық турнирдің жартылай финалында Николенко тағы да бір ресейлік спортшы Екатерина Прокопьевадан 6:2, 6:0 есебімен басым түсті.

Ол турнирдің ширек финалында Ресейден келген Милана Коробченконы ұтып, екінші айналымдағы матчта Анамария Курцикашвилиден (Грузия) 6:2,6:2 есебімен басым түсті. Турнирдің алғашқы матчында жерлесіміз ресейлік Ана Егикянды 6:1,6:0 нәтижесімен жеңіп шықты.

Сондай-ақ, Татьяна Николенко қазақстандық Адель Магонусовамен бірге жұптық турнирдің жеңімпаздары атанды. Турнирдің финалында Т.Николенко мен А.Малгонусова ресейлік Екатерина Хайрутдинова мен Анастасия Сафьянованы 6:2, 3:6, 10:5 есебімен жеңді.