19:23, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Тайландта өтіп жатқан «PTT Pattaya Open» турнирінің жартылай финалына өтті
АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тайландтың Паттайе қаласында өтіп жатқан «PTT Pattaya Open» турнирінде қазақстандық теннисші Ярослава Шведова жарыстың жартылай финалына өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының интернеттегі сайтына сілтеме жасап.
Жүлде қоры 220 мың АҚШ доларын құрайтын бұл бәсеке ақпанның 9-ында басталған болатын. Ярослова Шведова тайландтық Тамарин Танасугарнмен 1/8 ойындарында алаң иелері Нунгнаду Ваннасук пен Варатчай Вонгтинчайды 6:0, 6:3 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты. Олар енді үндістандық Сания Мираза мен Италия өкілі Маара Сантангелоның жұбымен күш сынасады. В. Шведова бұған дейін екінші айналымда жекелей сында ресейлік Вера Звонаревадан 6:4, 6:4 есебімен басым түскен болатын. Бұл дүбірлі сайыстың ақтық ойыны енді ақпанның 16-сында болады.