Қазақстандық теннисші Түркиядағы Челленджер сериясындағы турнирдің үшінші айналымына өтті
АЛМАТЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан Челленджер сериясындағы турнирдің үшінші кезеңіне өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Теннис федерациясының интернеттегі сайтына сілтеме жасап.
Михаил Кукушкин қазір Ұлттық рейтингте екінші, ал Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы рейтингінде (АТР) 164-ші сатыда тұр. Ол Ыстамбұлдағы Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының бұл турнирінде алғашқы айналымда поляк Марцина Гавроннадан, екінші айналымда даниялық Фредерико Ниелсеннен басым түсті. Бүгін қазақстандық теннисші ширек финалға шығу үшін португалдық Фредерико Джилмен сайысқа түседі. АТР рейтингінде Марцина Гаврона 292-ші, Фредерик Ниелсон 331-ші, Фредерико Джил 89-шы орында тұрған спортшылар.