Қазақстандық теннисші WTA турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Австралияда өтіп жатқан WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандасымыз алғашқы ойында (1/16-да) жапониялық теннисші Наоми Осакамен кездесіп, екі сетте де 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Путинцеваның келесі айналымдағы қарсыласы венгриялық Тимея Бабош пен украиналық Леся Цуренко жұбының кездесуінен соң белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Юлия Путинцева WTA рейтингінде 50-ші орында тұр.