Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық теннисші WTA турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева мен чехиялық Кристина Младенович Луганодағы WTA турнирінің жұптық сайысында жартылай финалға шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҰОК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисші WTA турнирінің жартылай финалына шықты

Ширекфиналда олар румыниялық Ралука-Йоана Олару мен британиялық Анна Смитті жеңді - 7:5, 6:4.

Енді жартылай финалда Воскобоева мен Младенович бельгиялық Кирстен Флипкенс және Элиза Мертенс жұбымен кездеседі.