Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның әлемдік рейтингінде 15 сатыға көтерілді.

Қазақстандық теннисші Я.Шведова әлемдік рейтингте 15 сатыға көтерілді

Айта кетейік, ақпан айының соңында Шведова Бразилиядағы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын. Соның арқасында бірден 79-орыннан 64-орынға жылжыған Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы Галина Воскобоеваға жетіп қалды. Галина тізімде 60-орында. Зарина Дияс болса, керісінше 5 сатыға төмен сырғып, 118-орынға табан тіреген. Юлия Путинцева мен Сесиль Каратанчева 158 және 159-орындарда тұр.

Ешкімге дес бермейтін Серена Уильямс рейтингтің көш басында тұр, екінші орында қытайлық спортшы Ли На жайғасса, үшінші сатыда Польша теннисшісі Агнешка Радванска келе жатыр.