Қазақстандық теннисші Я.Шведова Дохада өткен турнирдің жартылай финалында сүрінді
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Дохада өткен турнирдің жартылай финалында сүрінді.
Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясынан хабарлады.
Бір жарым сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты ойын барысында Ярослова Шведова мен американдық Вания Кинг жұбы аргентиналық-итальяндық жұп Хисела Дулко мен Флавия Пеннеттеге 4:6,4:6 есебімен ұтылып қалды.