Қазақстандық теннисші Я.Шведова Мексикада ITF сериясы бойынша өткен турнирдің ақтық финалына шықты

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Ирапуатода (Мексика) сыйлық қоры 25 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясы бойынша өткен турнирдің ақтық финалына шықты.

Қазақстандық теннисші Я.Шведова Мексикада ITF сериясы бойынша өткен турнирдің ақтық финалына шықты

Жартылай финалда қазақстандық спортшы венгриялық теннисші Тимея Бабошты 6:2, 7:6 ұпайымен ұтты. Айта кетейік, WTA рейтингінде венгриялық теннисші 68-інші, ал қазақстандық спортшы 161-інші орында тұр. Турнирдің бас жүлдесі үшін Я.Шведова Нидерланды елінің өкілі Кики Бертенспен ойнайды.   

Естеріңізге сала кетейік, ITF сериясы бойынша әйелдер арсындағы жарыс Халықаралық теннис қауымдастығының жетекшілігімен өтеді. ITF-тің ерлер және әйелдер арасындағы Satellite tournament и Futures Tournaments турнирлерінен тұратын жарыстары кәсіпқой теннистің баспалдағы болып табылады және осы бәсекелердің нәтижелері ATP және WTA рейтингтерінде ескеріліп, теннисшілердің сыйақысы бұдан да үлкен жарыстарға  қатысуына жол ашады.