Қазақстандық теннисші Я.Шведова мен американдық В.Кинг жұбы «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Я.Шведова американдық В.Кингпен жұптасып, АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Қазақстандық теннисші Я.Шведова мен американдық В.Кинг жұбы «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің жартылай финалына шықты

Ширек финалда олар чех теннисшілері Андреа Хлавакова мен Люси Храдесканы 6:4, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Ал бүгін Я.Шведова мен В.Кинг жұбы ресейлік жұп Мария Кириленко мен Надежда Петроваға қарсы ойнайды.