Қазақстандық теннисші Я.Шведова Токиода өтіп жатқан WTA турнирінің 2-ші айналымына шықты

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Я.Шведова Токиода өтіп жатқан WTA турнирінің 2-ші айналымына шықты. Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Токиода өтіп жатқан жүлде қоры 2 миллион долларды құрайтын WTA турнирінің екінші айналымына шықты. Алғашқы айналымда жапондық Нара Курумиді 4:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңген Я.Шведованың келесі қарсыласы WTA рейтингінде 7-ші орында тұрған ресейлік Елена Дементьева болмақ», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар