Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова тұңғыш рет Уимблдон финалына өтті

АСТАНА. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова тұңғыш рет жұптық дәрежеде Лондондағы «Үлкен дулыға» турнирінде финалға шықты. Жартылай финалдық матчта Шведова америкалық Вания Кингпен жұпта 6:4, 6:4 есебімен турнирдің бесінші турнирында америкалықтар Лизель Хубер мен Бетани Маттек-Сандсты ұтып кетті, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.
None
None

Бүгін «Үлкен дулыға» финалында Шведова мен Кинг атақ үшін ресейлік қыздар Вера Звонаревамен және Елена Веснинамен сайысқа түседі.

Ал қазақстанның өкілі Зарина Диас ITF $25,000 Stuttgart-Vaihingen әйелдер турнирінің жартылай финалына өте алмады. Ол ¼ финалда Люксембургтен келген Манде Минелладан 4:6, 6:7 есебімен ұтылып қалды.

Юрий Щукин Германиядағы «Челленджер» сериясы турнирінің ширек финалында швейцарлық Стефане Бохлиден 6:3,6:7,1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Ал қазақстандық Михаил Кукушкин Германиядағы сыйлық қоры 106 500 мың еуроны құрайтын «Челленджер» сериясы турнирінің жартылай финалына өтті. Михаил Кукушкин ширек финалда Бельгиядан келген Стив Даркисті жеңді. Матч нәтижесі - 6:2, 6:3. Жартылай финалда Кукушкин кортта швейцариялық Стефане Бохлимен кездеспек.

Соңғы жаңалықтар