Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Уимблдон» жұптық разрядының финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Ярослава Шведова мен венгр теннисшісі Тимеа Бабош американдық Эбигейл Спирс және Ракель Атавоны 6:4, 6:2 есебімен ұтып, «Уимблдон» жұптық жарыстарының финалына шықты.
None
None

Кортта өткізген 1 сағат 13 минуттың ішінде Ярослава мен Тимеа бес брейк және бір эйс жасап, доп беруде екі рет қателесті. Олардың қарсыластары  Эбиигейл мен Ракель екі брейк-пойнт жасап, бес қосарлы қателіктерге жол берді.

Шведова мен Бабош турнирде жеңіс үшін АҚШ-тан апалы-сіңлілі Уильямстермен немесе неміс Юлия Гёргес және чех Каролина Плишковамен сынға түседі.

Соңғы жаңалықтар