Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Үлкен шлем» турнирінің финалында ұтылып қалды
АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Үлкен шлем» турнирінің финалында ұтылып қалды. Ол кеше австриялық Джулиан Кноулмен жұптасып, словения-сербиялық жұп Кватерина Ереботник пен Ненад Зимонжичке қарсы ойнаған болатын.
Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Ал Челленджер сериясы турнирінде қазақстандық теннисші Андрей Голубев жартылай финалға жолдама алды. А.Голубев Чехияда өтіп жатқан Unicredit Czech Open турнирінің ширек финалында кезекті қарсыласы бельгиялық Оливер Рохусты ұтты. Бүгін жартылай финалдық матчта ол чех Радек Штепанекпен финал жолдамасын сарапқа салады.