Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова «Үлкен шлем» турнирінің жоғары наградасынан үмітті

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың үкілеген үміті - теннисші Ярослава Шведова «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында сербиялық Елена Янковичтен ұтылғанымен «Үлкен шлем» турнирінің жоғары наградасынан әлі де үміті зор.
None
None

Ол бүгін австриялық Джулиан Кноулмен жұптасып, словениялық-сербиялық жұп Кватерина Ереботник пен Ненад Зимонжичке қарсы ойнайды. Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазақстандық теннисші матчтың жартылай финалында австриялық Джулиан Кноулмен жұптасып, неміс-американдық жұп Кристфер Кас пен Вания Кингті ұтқан болатын. Бүгін олар ақтық бәсекеде словениялық-сербиялық жұппен теннис алаңында кездеседі.

Ал Челленджер сериясы турнирінде қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев ширек финалға жолдама алды. А.Голубев Unicredit Czech Open екінші айналымында турнир қожайынын ұтқан болатын. Оның кезекті қарсыласы бельгиялық Оливер Рохус. М.Кукушкин ресейлік Константин Кравчукті 6:2, 6:4 есебімен ұтып, ширек финалда неміс Жулиан Рейстермен ойнайды.

Соңғы жаңалықтар