Қазақстандық теннисші Ю.Щукин Словакияда өтіп жатқан Челленджер сериясы Trnava турнирінің жартылай финалына шықты

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Словакияда өтіп жатқан Челленджер сериясының Trnava турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметінен.
None
None

Ширек финалда чехиялық Лукас Росолмен кездескен қазақстандық спортшы үш сетте 6:2, 5:7, 7:5 есебімен ұтты.

Енді Ю.Щукин ақтық бәсекеге шығу үшін австриялық спортшы Стефан Коубекпен ойнайды.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 64 мың еуроны құрайды.

Соңғы жаңалықтар