12:20, 31 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайда өтіп жатқан ITF жарысының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева сенбі күні Қытайда өтіп жатқан жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын ITF топтамасы жарысының финалына шықты, деп хабарлайды sports.kz.
Жартылай финалда жеке разрядта төртінші нөмірмен шыққан Путинцева қытайлық Ксилин Ксюді 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Финалда қазақстандық спортшының қарсыласы жарыстың сегізінші ракеткасы, жартылай финалда қытайлық Кай Лин Жангты 6:0, 6:7, 6:2 есебімен жеңген Тайпей өкілі Шу-Вэй Ксих болды.