Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Челленджер Rome сериясы турнирінің жартылай финалына шықты
СТАНА. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Италияда өтіп жатқан Челленджер Rome сериясы турнирінің жартылай финалына шықты,
деп хабарлады Қазақстан Теннис федерациясынан.
Ширек финалда аргентиналық теннисші Федерико Дель Бониспен жолдары түйіскен қазақстандық Ю.Щукин қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Оның келесі қарсыласы голландиялық Робин Хаас немесе алжирлік Ламин Оуахаба болуы мүмкін.