Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің жартылай финалына шықты
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Швейцарияда өтіп жатқан Гштаад АТР сериясы турнирінің ширек финалында АТР рейтингісінде 14-ші орында тұрған ресейлік Михаил Южныйды 6:4, 2:6, 7:5 есебімен ұтқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин жартылай финалға жолдама алды.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Қазақстандық спортшы жартылай финалда француздық Ришар Гаскемен бақ сынасады.
Ал қазақстандық тағы бір теннисші Михаил Кукушкин ширек финалда словакиялық Марек Семжадан ұтылып қалды.