Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің жартылай финалында ұтылып қалды

АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Швейцарияда өтіп жатқан Гштаад АТР сериясы турнирінің жартылай финалында француздық Ришар Гаскемен бақ сынасқан қазақстандық теннисші Юрий Щукин ұтылып қалды, есеп - 3:6,4:6. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.

Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Гштаад АТР сериясы турнирінің жартылай финалында ұтылып қалды

Айта кетейік, аталған турнир барысында Ю.Щукин екінші айналымында португалдық Фредерико Жилді 6:3, 6:3, ал ширек финалында АТР рейтингісінде 14-ші орында тұрған ресейлік Михаил Южныйды 6:4, 2:6, 7:5 есебімен ұтқан болатын.