Қазақстандық теннисші З.Диас Қытайда өтіп жатқан ITF Beijing әйелдер турнирінің екінші айналымына шықты
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайда өтіп жатқан жүлде қоры 75 мың АҚШ долларын құрайтын ITF Beijing әйелдер турнирінің екінші айналымына шықты.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
Федерацияның атап өтуінше, алғашқы айналымда З.Диас украиналық Элина Свитолинаны 2 сетте 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы кореялық Со-Джунг Ким.