Қазақстандық теннисші Зарина Диас Stuttgart-Vaihingen турнирінде екінші айналымға өтті

АСТАНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Stuttgart-Vaihingen турнирінде екінші айналымға өтті.
None
None

Бұл ақпаратты еліміздің Теннис федерациясы таратып отыр.

Федерацияның ақпаратына сәйкес, Қазақстан теннисшісі алғашқы айналымда австриялық Янин Толжанмен кездесіп, екі сетте де 6:4,6:4 есебімен жеңіске жеткен. Оның келесі қарсыласы - украиналық Катерина Авдиенко.

Айта кетейік, аталған турнирдің жүлде қоры 25 мың АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар