Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапониядағы ITF турнирінде ширек финалға шықты
АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Курум қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайтын ITF сериясындағы халықаралық турнирдің ширек финалына өтті.
Жарыстың екінші айналымында отандасымыз турнирдің бірінші ракеткасы ресейлік Марта Сироткинаны 7:6(8:6), 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Келесі турда ол қытайлық теннисші Чжень Сайсаймен күш сынасады. Аспанасты елінің тумасы өз кезегінде ұлыбританиялық теннисші Мелани Саутты 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.