Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Австралияның ашық чемпионатында (Australian Open) біліктілік кезеңінің екінші айналымына өтті,

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады

деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда З.Дияс Сербия спортшысы Александра Круничпен кездесті. Екі сағатқа созылған матч қазақстандықтың жеңісімен - 6:3, 2:6, 6:4 есебімен аяқталды

Келесі айналымда жерлесіміз Андреа Миту (Румыния) - Анна-Лена Фридсам (Германия) кездесуінің жеңімпазымен ракетка түйістіреді.

Қазақстанның тағы бір теннисші қызы Сесиль Каратанчева болса, Australian Open турнирінің алғашқы айналымында сүрінді. Ол Қытай өкілі Йин-Йин Дуаньннан 1:6, 5:7 есебімен жеңіліс тапты.