13:26, 28 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстандық теннисші жұптасып өнер көрсетуден «Estoril Open» турнирінің жартылай финалына шықты
АЛМАТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстандық Галина Воскобоева мен ресейлік Алиса Клейбанова жұптасып өнер көрсетуде Португалиядағы «Estoril Open» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты.

ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда енді олар жартылай сында американдық Рагул Копс-Джонс пен Абигэйл Спирспен кездеседі. Олар бұған ширек финалда неміс теннисшілері Жасмин Воэр мен Кристина Барростан 6:3, 7:5 есебімен басым түсті. Ал бірінші айналымда түркиялық Ипек Синоглу мен тунистік Селима Сфарды 6:0, 0:6, 11:9 есебімен ұтқан болатын.