Қазақстандық теннисші

АЛМАТЫ. 23 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Әзірбайжанда әйелдер арасында өтіп жатқан "Baku Cup" халықаралық теннис турнирінде қазақстандық Галина Воскобоева жартылай финалға өтті. WTA рейтингінде 162-ші сатыда тұрған Галина ширек финалда 13-ші орында келе жатқан ресейлік Анастасия Павлюченкованы 3:1 (6:7, 6:4, 6:3), есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші

Оның жартылай финалдағы қарсыласы ресейлік Ксения Первак пен франциялық Араван Резаи арасындағы кездесудің жеңімпазы болады.

Г. Воскобоева бұған дейін негізгі кестеде екінші айналымда румниялық Моника Никулескуды (7:6, 6:2), ал бірінші айналымда грузиялық София Шапатаваны (6:0, 6:0) жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Жалпы, бұл дүбірлі доданың жүлде қоры 220 мың АҚШ долларын құрайды. Оны жарыстың негізгі кестесінде бақ сынаған жекелей сындағы - 32 және жұптық сындағы 16 жұп өз нәтижелеріне қарай өзара бөліседі.