Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тағы жарыстың ширек финалында кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Михаил Кукушкин АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалында өзара кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы Б.Жұқаев жарысқа іріктеу сайысынан кейін қосылып, әуелі рейтингте 333-орында тұрған германиялық Петер Гоёвчикті 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Содан кейін екінші айналымда сенсация жасап, әлемнің 187-інші, осы доданың 2-ракеткасы, америкалық Николас Морено-Де-Альборанды жолдан тайдырды – 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5).

Үш сағат 6 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 15 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Жеңіске деген жігері сондай, соңғы тай-брейкте 1:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан алты допты өз есебіне жазды.

Әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин алдымен рейтингте 1379-сатыдағы америкалық Майкл Чженді сүріндірді – 7:6 (7:5), 6:3. Ал екінші айналымда әлемнің 246-ракеткасы, америкалық Теннис Сандгреннен айласын асырды – 6:2, 7:5.

Осылайша, Б.Жұқаев пен М.Кукушкин жартылай финал жолдамасы үшін кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің үшінші айналымына өткенін жазған едік.

Елена Рыбакина бокспен айналысып көруі мүмкін екендігін айтты.

Анна Данилина жұптық сында Ролан Гаррос турнирін жеңіспен бастады.

Ролан Гаррос турнирінде Александр Недовесов үшінші айналымға жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар