14:30, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тың Ашық чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Нью-Йорк корттарында жыл сайынғы турнир - АҚШ-тың Ашық чемпионаты (US Open) басталады.

Беделді жарыста қазақстандық теннисшілер де өз бақтарын сынайтын болады.
Кортқа алғашқы болып Александр Недовесов шығады. Ол ирландық Джеймс Макгимен бірге күш сынайды.
Әйелдерден әлемнің 48-ракеткасы Зарина Дияс пен 51-ракетка Ярослава Шведова Қазақстан намысын қорғайтын болады. Олар кортқа ертең шығады деп жоспарланған. Заринаның қарсыласы украиналық Леся Цуренко, ал Ярослава румыниялық Моника Никулескумен бақ сынасады.
Ерлер арасында Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев те бар. Бірінші айналымда Кукушкин неміс Ян-Леннард Штруффпен, Голубев итальяндық танымал теннисші Фабио Фоньинимен ракетка түйістіреді.