Қазақстандық теннисшілер Астанада халықаралық турнирде финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисшілер Жібек Құламбаева мен Гозаль Айнитдинова ITF G 4 Junior «Capital cup» халықаралық жасөспірімдер турнирінің финалына шықты.

Қазақстандық теннисшілер Астанада халықаралық турнирде финалға шықты

Қазақстан Теннис федерациясы хабарлағандай, жартылай финалда Айнитдинова ресейлік Анастасия Хлестованы 6:3, 6:1 есебімен, ал Құламбаева Мария Солнышкинанын екі сетте - 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Енді финалда қазақстандықтар Айнитдинова мен Құламбаева бақ сынасады.

Турнирге 10-ға тарта елден спортшылар қатысуда.