Қазақстандық теннисшілер Брисбендегі халықаралық теннис турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
5 жыл бұрын ол Ивета Бенешовамен бірге жұптық сайыста екінші орын алған болатын. Бұл жолы қытайлық Су-Вей Хсимен жұп құрған ол 1/8 финалға дейін ғана жетті. Олар грекиялық Элени Данилиди мен словениялық Полона Херцогқа 5:7, 6:3, 4:10 есебімен есе жіберді.
Галина жекелей сында да 1/8 финалдан өте алмады. Ресейлік Вера Душевинаны (6:0, 6:0) ойсырата ұтқан оның жолын итальяндық Франческа Скьявоне (4:6, 4:6) кесті. Бұл спортшы бұған дейін жарысты негізгі кестеден бастаған қазақстандық тағы бір теннисші Ксения Первакты жарыс жолынан шығарып тастаған болатын. Турнирде іріктеу кезеңінен бастаған Сесиль Каратанчева қытайлық Чен Кай Чангтан (6:4, 6:2) басым түскенімен грузиялық Анна Татишвилиге (6:7, 6;4, 6:7) есе жіберді. Ерлер арасында бақ сынаған Михайл Кукушкин болса алғашқы іріктеу сынында ағылшын Энди Маррейден (5:7, 6:3, 6:2 ) айласын асыра алмады.