Қазақстандық теннисшілер Брисбендегі халықаралық теннис турниріне қатысуда

АЛМАТЫ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Австралияның Брисбен қаласында 1 қаңтарда теннистен  жүлде қоры 655 мың АҚШ  долларын құрайтын халықаралық турнир басталды.
None
None

Ол 8 қаңтарға дейін созылмақ. Бүгін онда жекелей сында  қазақстандық Галина Воскобоева  1/8 финалдық сында итальяндық  Франческа Скьявонемен кездесті. Бұл сайыс 4:6, 4:6 есебімен Ф. Скьявоненің пайдасына шешілді. Кеше Г. Воскобоева  ресейлік Вера Душевинаны  6:0, 6:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Ал Ф. Скьявоне  1-айналымда  қазақстандық  Ксения Первакпен кездесті. Онда бірінші кезең 4:4 есебімен аяқталғанымен, Ксения жарысты әрі қарай жалғастырудан бас тартқандықтан итальяндық спортшы турнирдің келесі кезеңіне өткен болатын. Бүгін енді Воскобоева - Хси жұбы  енді Даниилида мен Херцог жұбымен 1/8 финалдық сайысын өткізеді. Галина Воскобоева мен Ивета Бенешова 2007 жылы жұптық сында 2-орын алған болатын. Олар ақтық кездесуде ғана Динара Сафина мен Катерина Среботникке 6:3, 6:4 есебімен есе жіберген еді.

Бүгін сондай-ақ, ерлер арасында жекелей сынның алғашқы айналымы басталады. Онда қазақстандық  Михаил Кукушкин  англиялық Энди Марреймен күш сынысады.

Соңғы жаңалықтар